Accessibility links

Порошенконы ұлықтау рәсімі басталды


Петр Порошенко ұлықтау рәсімінде мемлекеттік билік символын ұстап тұр. Киев, 7 маусым 2014 жыл.
Петр Порошенко ұлықтау рәсімінде мемлекеттік билік символын ұстап тұр. Киев, 7 маусым 2014 жыл.
Украина парламентінде жаңа президент Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі басталды. Рәсімге қатысып жатқандардың арасында АҚШ вице-президенті Джо Байден, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Киевтегі Ресей өкілі бар.

Петр Порошенко ант қабылдап, Украинаның бейбітшілігі мен қауіпсіздігі, бірлігі үшін қызмет ететінін мәлімдеді. Ол "Виктор Янукович биліктен кеткеннен кейін Украина алдында үлкен мүмкіндіктер ашылғанын, бірақ оған Донбастағы оқиғалар кедергі болып тұрғанын" айтты.

Ол сепаратистерді қаруларын тастауға шақырды. Ауыр қылмыс жасамаған ресейшілдерге рақымшылық жасалатынын ескертті.

Порошенко Украинаның биліктен қуылған президенті Виктор Януковичтің орнына келіп жатыр. Янукович 2014 жылы ақпан айында шерушілердің қысымымен Киевтен қашып кеткен еді.

Сайлау өткенше Украина президенті міндетін атқарған парламент спикері Александр Турчиновтің президент ретіндегі уақытша қызметі тоқтатылды.

Украинаның шығысындағы шиеленісті жағдай әлі шешілген жоқ. Славянск және Донецк қалаларында үкімет әскері ресейшіл сепаратистермен соғысып жатыр.

Инаугурацияға бір күн қалғанда Петр Порошенко Ресей президенті Владимир Путинмен Францияда кездесті. Олар онда Нормандияға одақтастар әскерінің кіруіне 70 жыл толу құрметіне арналған шараларға қатысуға барған еді.
XS
SM
MD
LG