Accessibility links

Ауғанстанда жүз шақты адам суға кетті


Су тасқыны. Ауғанстан, 25 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Су тасқыны. Ауғанстан, 25 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі Бағлан провинциясында болған тасқыннан 100 шақты адам қаза тапқан. 7 маусым күні аймақ басшысы Нур Мохаммад Гозар Азаттыққа тасқыннан Гухаргахи-Нур ауданының тұрғындары зардап шеккенін айтты.

Гозардың мәліметіне қарағанда, аудан тұрғындары 6 маусым күні басталған тасқын кезінде үйлерінен қашып, су жетпейтін биік жерлерге жиналған.

Ауғанстанда бірнеше жыл болған құрғақшылықтан кейін биыл жауын-шашын көп болып тұр. Сәуір, мамыр айларында болған нөсерлерден елдің солтүстік-батыс аймақтарының жүз шақты тұрғыны опат болып, мыңдаған адам баспаналарынан айрылған еді.
XS
SM
MD
LG