Accessibility links

Киевте АҚШ вице-президенті Молдова лидерімен кездеседі


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.
Ақ үй Украинаның жаңа президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Киевке барған АҚШ вице-президенті Джо Байденнің осы елдің басшыларымен және Молдова президенті Николае Тимофтимен кездесетінін хабарлады.

Байден Украина президенті Петр Порошенко және премьер-министр Арсений Яценюкпен "демократиялық реформалар мен экономикалық даму, дағдарыстан шығу жоспарын талқылайды".

Ақ үй Байденнің Молдова президенті Николае Тимофтимен "аймақтық даму" мәселелері бойынша кездесетінін хабарлады.

Украинаның жаңа президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Киевке барған АҚШ делегациясының құрамында сенаторлар - Джон Маккейн, Рон Джонсон және Крис Мерфи, АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд, т.б. лауазымды тұлғалар бар.
XS
SM
MD
LG