Accessibility links

Косовода кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр


Парламент сайлауына кандидаттардың бірі Хашим Тачидің суреті ілініп тұрған көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Приштина, 4 маусым 2014 жыл.

Парламент сайлауына кандидаттардың бірі Хашим Тачидің суреті ілініп тұрған көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Приштина, 4 маусым 2014 жыл.

Бүгін Косовода кезектен тыс парламент сайлауына дауыс беру өтіп жатыр. Бұл елде мамыр айында парламент өзін өзі таратқан еді.

Жаңадан сайланған парламент Косово премьер-министрі мен президентін сайлайды.

Саяси бәсекеге түсіп жатқан партиялардың көп екендігіне қарамастан, олардың ешқайсысы парламентте көпшілік орындарды иемдене алатындай сайлаушылар қолдауына ие бола алмайды деген болжам айтады саяси сарапшылар. Сондықтан үкімет құрамын белгілеу үшін коалиция құру қажет болады.

Премьер-министр қызметіне қазір осы қызметті уақытша атқарып отырған, Косово демократиялық партиясы жетекшісі Хашим Тачи үміткер саналады. Ол Косовоны азат ету армиясын басқарған.

Косово парламентінде 120 орын бар, депутаттар үш жыл мерзімге сайланады. Парламентте ұлттық азшылық өкілдеріне 20 орын бөлінген, оның 10-ы – сербтерге тиесілі.
XS
SM
MD
LG