Accessibility links

АҚШ Молдоваға 8 миллион доллар бөлмек


АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байден.

Вашингтон Кишиневке 8 миллион доллар көлемінде қосымша қаржылай көмек беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Украинаның жаңа президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысқан АҚШ вице-президенті Джо Байден 7 маусым күні Киевте Молдова президенті Николае Тимофтимен кездесуде мәлімдеген.

Оның айтуынша, бұл қаржы Молдованың «еуропалық таңдау» жасауына және сыртқы қысымға «осал» болмауына септеспек.

Бұған дейін наурыз айында АҚШ Молдоваға көмек ретінде 2.7 миллион доллар бөлген еді. Ол қаржы Молдова тауарларының Еуропа рыногіне шығу мүмкіндігіне байланысты өндіріс тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталатыны айтылған еді.

Биыл АҚШ Молдоваға жалпы көлемі 31 миллион доллар қаржылай көмек беріп отыр.
XS
SM
MD
LG