Accessibility links

Болгария Ресеймен бірлескен газ құбыры жұмысын тоқтатады


Болгария премьер-министрі Пламен Орешарский.

Болгария премьер-министрі Пламен Орешарский.

Болгария премьер-министрі Пламен Орешарский өз елі Ресей ұсынған "Оңтүстік ағым" (South Stream) газ құбырын салу жұмыстарын тоқтататынын мәлімдеді. Бұған дейін Еуропа Одағы мен АҚШ Болгарияны құбыр жобасына қатысты сынға алған еді.

АҚШ сенаторларымен кездескеннен кейін болгар премьері газ құбыры құрылысына қатысты "Мен барлық жұмысты тоқтатуға бұйрық бердім. Ары қарайғы шешім Брюссельмен кеңескеннен соң қабылданады" деген. Бірақ Ресей энергетика министрлігі Ресей тарабы әзірге Болгариядан құбырға қатысты ресми ескерту алмағанын мәлімдеді.

"Оңтүстік ағым" құбыры Ресей газын Украинаны айналып өтіп Еуропа Одағына жеткізуді көздейді. Бұл жоба бойынша, газ әуелі Болгарияның Варна портына, одан ары Сербия, Венгрия және Словения асып Италия мен Австрия арқылы Батыс Еуропаға жеткізіледі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG