Accessibility links

Карачи әуежайына шабуылдан 23 адам қаза тапты


Карачи әуежайына шабуыл
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:04 0:00

ВИДЕО: Карачи әуежайына шабуыл. 9 маусым 2014 жыл.

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Карачи қаласының әуежайына жасалған шабуыл аяқталды. Дүйсенбіге қараған түні ауыр қару-жарағы бар 10 содыр Карачидегі елдің ең ірі әуежайына шабуыл жасаған. Ұрыс 6 сағатқа созылды.

9 маусым күні Пәкістан армиясы өкілі генерал Асим Баджва Карачи әуежайына шабуылдан жиыны 23 адам қаза тапқанын хабарлады. Оның сөзінше, қаза тапқандардың 2-уі бейбіт тұрған, 11-і әуежай қызметкері және қалған 10-ы - содырлар.

Оқиға орнында бірнеше жарылыс дыбысы естілген. Шабуылдаушылар әуежайдың VIP жолаушылар мен жүктерін тасымалдауға арналған ғимаратқа гранаттар лақтырып, автоматтан атқылаған.

Бұған дейін әскерилер қаза тапқандардың көпшілігі әуежайдың қауіпсіздік қызметінің өкілдері деген еді. Бірақ кейін мерт болғандардың кім екенін анықтау барысында шабуыл жасағандар әуежайдың қауіпсіздік қызметінің арнайы киімдерін киіп алғандығы белгілі болған.

Генерал Асим Баджва содырлар әуежайдағы екі реактивті ұшақты жойды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін журналистер әуежай терминалында екі ұшақ өртеніп жатыр деп хабарлаған еді. "Тілшілер терминалда өрт шыққанына қарап ұшақтар жойылды деп ойлап қалған болуы керек" деді генерал.

"Шабуылдан ешқандай ұшақ зардап шеккен жоқ" деп хабарланды. Бұл шабуылға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG