Accessibility links

Ресейшіл сепаратистер жетекшілері


Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері Денис Пушилин (сол жақта) мен Александр Бородай.
Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері Денис Пушилин (сол жақта) мен Александр Бородай.

Украинаның шығысындағы бүлікші қарулы топтарды кімдер бастап жүргені, олардың мақсат-мүдделері, өзара қарым-қатынасы көп жұртқа түсініксіз. Ресейшіл сепаратистерді кімдер басқарады?

ПАВЕЛ ГУБАРЕВ

31 жастағы Павел Губаревті наурыздың басында Донецкінің орталығындағы Ленин алаңында болған митингіде жақтастары «халық губернаторы» етіп «сайлаған». Бұдан соң олар Донецкінің облыстық әкімшілік ғимаратын шабуыл жасап басып алған. Кейін сепаратистер бұл жерден шығарылды да, бір аптадан соң ғимаратты қайта бақылауына алды.

Донбасс аймағының мәртебесін анықтау жөнінде референдум өткізуге шақырған да – осы Губарев. Сәуір айынан бері белсенділік танытып келе жатқан басқа сепаратистік топтардан айырмасы – бұлар жай киім киіп бұзақылық жасайды, қаруды ашық ұстап жүрмейді.

6 наурыз күні Украина қауіпсіздік қызметі Павел Губаревті сепаратизммен айналысты деп айыптап, тұтқынға алды. Ол Киевте екі ай қамауда отырды. Сот процесі кезінде одан «әулие Георгий лентасын» шешіп тастауды сұрағанда ол «сары мен қара аралас жолақ лента қасиетті» деп оны шешуден бас тартты.

Мамырдың басында Украина билігі оны қолға түскен қауіпсіздік қызметі
Донецкінің «халық губернаторы» Павел Губарев.
Донецкінің «халық губернаторы» Павел Губарев.
агенттеріне айырбастап, бостандыққа жіберді.

Губарев түрмеде болған кезде жарияланған «Донецк халық республикасында» «халық губернаторы» деген ресми қызмет жоқ.

23 мамыр күні Губарев Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі 8 облысты жаңа мемлекетке біріктіруді көздейтін «Новороссия» қозғалысы құрылғанын мәлімдеді.

Павел Губарев саясатқа араласардан бұрын жарнама агенті болып жұмыс істеген. YouTube сайтындағы бір видеода ол Аяз ата кейпінде жүр. Өзінің айтуынша, ол 1990 жылдары «Ресейдің ұлттық бірлігі» атты әсіреұлтшыл қозғалыс құрамында болған.

ВЯЧЕСЛАВ ПОНОМАРЕВ

12 сәуір күні маска киген қарулы адамдар Славянск қаласындағы қауіпсіздік қызметінің, полиция және әкімшілік ғимараттарын басып алған. Содан бері 49 жастағы Вячеслав Пономарев жұрттың көз алдында жүр.

Ол өзін Донецк облысындағы өндірістік қала – Славянскінің «халық мэрі» деп атайды. Бұл қала сепаратистердің бекінісіне айналды. Украин үкіметінің террорға
Славянскінің «халық мэрі» Вячеслав Пономарев.
Славянскінің «халық мэрі» Вячеслав Пономарев.
қарсы операциясының басты нысанасы да – осы қала.

Совет Одағы әскери-теңіз флотының ардагері саналатын Вячеслав Пономарев соңғы кездері сабын зауытының басшысы қызметін атқарған. Ол басқарған топ Славянскіде «кісі ұрлаумен айналысты» деп айыпталып отыр.

Олар ұрлаған адамдардың арасында америкалық журналист Симон Островски, украиналық журналистер, Киевтегі басшылықтың шақыруымен келген ЕҚЫҰ әскери бақылау миссиясының қызметкерлері бар.

Еуропа Одағы Пономаревті елге кіруге тыйым салынғандар тізіміне қосып, активтерін бұғаттады.

ДЕНИС ПУШИЛИН

Донецк маңындағы Макиевка селосында туған, Донецкіде тұратын 33 жастағы Денис Пушилин Вячеслав Пономаревтен бұрын елге танылды. Бірақ оның ерекшелігі - жұмыс киімін киіп, көше кезбейді, саясаткерлер сияқты шырттай болып ресми түрде киініп жүреді.

Сәуір айының басында Губарев тұтқындалған соң Пушилин «халық губернаторының орынбасары» болып «бекітілді». 7 сәуір күні «Донецк халық республикасы» жарияланғанда ол оның көсемдерінің біріне айналды. 15 мамыр күні ол осы
«ДХР жоғарғы кеңесі төрағасы» Денис Пушилин.
«ДХР жоғарғы кеңесі төрағасы» Денис Пушилин.
құрылымның «Жоғарғы кеңесінің төрағасы» боп шыға келді, демек ол де-факто «мемлекет басшысы» саналады.

2000 жылдардың басында Украина армиясында қызмет еткен Пушилин әскери борышын өтеп келген соң түрлі жұмыстар істеген. Ол ойынханада крупье болған, атышулы «МММ» қаржы пирамидасында да жұмыс істеген.

Пушилин де ЕО аумағына кіруге тыйым салынғандардың «қара тізіміне» енгізілген.

АЛЕКСАНДР БОРОДАЙ

41 жастағы Александр Бородай «саяси сахнаға» басқалардан кеш шыққанымен, сепаратистер басшылығында басты тұлғалардың біріне айналып келеді.

Ресей азаматы Бородай Украинада бүлік басталғанға дейін Мәскеуде тұрып келген. 15 мамыр күні «Донецк халық республикасы» конституция жобасын жариялаған соң ол «премьер-министрге» айналды.

Саяси билікті қолына алғысы келген ол жақында сепаратистерді «қарақшылықты
«ДХР премьері» Александр Бородай.
«ДХР премьері» Александр Бородай.
тоқтатуға» шақырды. Оның сөзін құптаған «Восток» батальоны «Донецк халық республикасы» штабы қызметін атқарып келген аймақтық әкімшілік ғимаратына кіріп, оны тазалап шықты. 1990 жылдары шешен командирлерінен құралған «Восток» батальоны жақсы ұйымдасқан әскери құрылым саналады.

Ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, Бородай 1993 жылғы Ресей Жоғарғы кеңесі мен президент Борис Ельциннің арасындағы текетіреске де қатысып, Ақ үйді қорғауға атсалысқан. Ол ұлтшыл саясаткер Александр Прохановпен жақсы қарым-қатынас орнатқан. 1990 жылдары ол Прохановтың «Завтра» атты әсіреұлтшыл газетінің редакторы болып жұмыс істеген.

Мұнымен қоса Бородай «Донецк халық республикасының» де-факто «қорғаныс министрі» Игорь Гиркинмен де жақын. The New York Times басылымына берген сұхбатында ол 1990 жылдары Молдованың ресейшіл Приднестровье аймағында да «орыстардың құқықтарын қорғағанын» айтқан.

АЛЕКСАНДР МОЖАЕВ (БАБАЙ)

«Бабай» деген лақап атпен белгілі Александр Можаев – Ресейдің оңтүстігінен келген казак атаманы.

Бұған дейін ол 2008 жылғы Оңтүстік Осетиядағы қарулы жанжал кезінде әскери барлаушы болған деген жаңсақ ақпарат тараған. Интернетте кең тараған суреттегі адам мен Можаевтың арасында қаба сақал мен әскери киімнен басқа көп ұқсастық жоқ.

Можаев Time журналына берген сұхбатында Ресейде өзіне "біреуге қастандық жасамақ болды" деген жалған айып тағылғанын айтты. Украинаның шығысындағы бүлік қарсаңында ол Қырымда болған.

ИГОРЬ ГИРКИН (СТРЕЛКОВ)

«Стрелков» деген лақап атпен белгілі Игорь Гиркин де – Ресей азаматы. Ол да Бородай сияқты Мәскеуден келген. Ол «халық мэрі» Пономаревпен бірге Славянскідегі әскери операцияларға жауап береді.

Гиркин 16 мамыр күні өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» «қорғаныс министрі» болып «бекітілді». Ресей ақпарат құралдарының мәліметіне
«ДХР қорғаныс министрі» Игорь Гиркин.
«ДХР қорғаныс министрі» Игорь Гиркин.
сенсек, полковник шені бар Гиркин Приднестровье, Босния және Шешенстанда қарулы қақтығыстарға қатысқан.

Ол әсіреұлтшыл «Завтра» газетіне мақала жазып тұрған. «Завтра» газетінің интернеттегі сайтында «Игорь Стрелков» деген автордың 15 мақаласы берілген.

Украина қауіпсіздік қызметі оны Ресей қорғаныс министрлігінің барлау басқармасына астыртын қызмет етіп, Украинаның шығысындағы операцияларды басқарып отыр деп айыптады. Гиркин Ресейдің «Комсомольская правда» басылымына сұхбат бергенге дейін тасада болған еді. Гиркиннің айтуынша, оның Қырымда құрған «партизандық отряды» негізінен украиндардан тұрады. Ол шығыс Украинадағы ең ықпалды сепаратистердің бірі саналады.

Гиркиннің өткен өмірі бұлыңғыр. Бірақ гладиатор киімін киіп түскен суреттеріне қарағанда, ол тарихи шайқастардың қойылымына қатысқанды ұнататын тәрізді.

ВАЛЕРИЙ БОЛОТОВ

44 жастағы Валерий Болотов – Луганск облысының өзін-өзі жариялаған «халық губернаторы». Оның Луганск облыстық «Парашютші ардагерлер одағының
Луганскінің «халық губернаторы» Валерий Болотов.
Луганскінің «халық губернаторы» Валерий Болотов.
төрағасы» деген ресми лауазымы да бар.

Луганск облысының Стаханов қаласында туған Болотов 1980 жылдардың соңында Совет армиясы қатарына алынған. Сол кезде әзербайжандар мен армяндар арасында қақтығыс болған Таулы Қарабақ аймағына жіберілген.

Сепаратистер аймақтың тәуелсіздігі жөнінде референдум өткізген мамырдың 11-інен бері бірнеше күн өткен соң Болотовқа қастандық жасалды деген ақпарат бар.

Болотовтың аты-жөні де Еуропа Одағы аумағына кіруге тыйым салынғандардың «қара тізімінде» тұр.

(Азаттық тілшісі Том Бэлмфорттың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей).
XS
SM
MD
LG