Accessibility links

Рим Папасы Аббас және Переспен бірге мінәжат етті


Израиль президенті Шимон Перес (сол жақта), Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас (ортада) және Рим Папасы Франциск. Ватикан, 8 маусым 2014 жыл.
Израиль президенті Шимон Перес (сол жақта), Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас (ортада) және Рим Папасы Франциск. Ватикан, 8 маусым 2014 жыл.
Рим Папасы Франциск Палестина мен Израиль басшыларын батылдық танытып, Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға шақырды.

Понтифик 8 маусым күні Ватиканда Израиль президенті Шимон Переспен және Палестина автономиясы әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббаспен бірге құдайға құлшылық еткен.

Өткен айда Таяу Шығысқа барған сапарында Франциск екі ел басшыларын шиеленіс күшейе бастаған аймақта диалог орнату белгісі ретінде христиан, мұсылман және иудейлердің бірлескен құлшылығына қатысуға шақырған.

Таяуда Палестина автономиясында исламшыл ХАМАС тобының қатысуымен біртұтас үкімет құрылған. Израиль Палестинадан басып алған территорияға жаңадан 3200 үй салуды жоспарлап отыр.

Франциск Ватикан сәуір айында тоқтап қалған бейбіт келіссөздерге араласуға ұмтылмайтынын атап өтті.
XS
SM
MD
LG