Accessibility links

Бішкекте наразы белсенділер ұсталды


9 маусымда Қырғызстан астанасы Бішкекте полиция наразылық танытқан ондаған жас белсендіні қуып таратып, он белсендіні ұстады.

Белсенділер Бішкекте үкімет үйі алдына осы жылдың басында Қырғызстанның "Қырғызгаз" компаниясын Ресейдің "Газпром" компаниясының сатып алғанына наразылық танытуға жиналған.

Наразылық танытушылар елдің оңтүстігіндегі Ош облысындағы газ тапшылығын дереу жоюды талап еткен. Көршілес Өзбекстан екі ай бұрын Ош облысына газ тасымалдауды ешқандай себепсіз кілт тоқтатқан еді. Бұл облыс содан бері газ тапшылығын көріп келеді.

Белсенділер наразылық кезінде қарсылық ретінде тезек жақты. Олар президент Алмазбек Атамбаевқа, премьер-министрге, парламент депутаттарына және "Қырғызгаз" басшысы Тургунбек Кулмурзаевқа қарсылық білдіріп, тезек салынған қаптама жібермек болған. Бірақ полиция белсенділердің бұлай істеуін мүмкіндік бермеді.
XS
SM
MD
LG