Accessibility links

Египетте жаңа үкімет жасақталады


Египеттің жаңа президенті Абдел Фаттах әл-Сиси инаугурация кезінде. Каир, 8 маусым 2014 жыл.
Египеттің жаңа президенті Абдел Фаттах әл-Сиси инаугурация кезінде. Каир, 8 маусым 2014 жыл.
Египеттің жаңадан сайланған президенті Абдул Фаттах әл-Сиси Ибрагим Мехлебті премьер-министр қызметінде қалдырып, оған жаңа үкіметті жасақтауды тапсырды. Мехлеб 8 маусым күні әл-Сисидің инаугурациясынан соң отставкаға кетуге өтініш білдірген. Жаңа үкіметте бұрынғы министрлердің көпшілігі орындарын сақтап қалады деген болжам бар.

Бұрынғы армия қолбасшысы, фельдмаршал әл-Сиси мамыр айының соңында Египет президенті сайлауында жеңіске жеткен. Ресми мәлімет бойынша, дауыс берген сайлаушылардың 97 пайызы оны қолдаған. Әл-Сиси Египеттің демократиялық жолмен сайланған президенті Мұхаммед Мурсиді былтыр жазда жаппай халық толқулары кезінде биліктен тайдыруда басты рөл атқарған.

Мурси биліктен кетірілген соң оның "Мұсылман бауырлар" қозғалысының мыңдаған мүшелері қуғындалып, сотталды. Қозғалыс биылғы президент сайлауына бойкот жариялаған.

Инаугурациядан соң әл-Сиси "зорлық-зомбылық жасағандарға төзімділік танытылмайтынын және олармен бітім жасалмайтынын" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG