Accessibility links

Киев: Мәскеумен өзара түсіністік таптық


Қақтығыстардан кейінгі қала көшелері. Славянск, Украина, 9 маусым 2014 жыл.

Қақтығыстардан кейінгі қала көшелері. Славянск, Украина, 9 маусым 2014 жыл.

Украина сыртқы істер министрлігі президент Петр Порошенконың елдің шығысындағы қақтығыстарды тоқтату жөніндегі жоспарының кей тұстарына қатысты Киев пен Мәскеу "өзара түсіністікке" қол жеткізгенін мәлімдеді.

Украинаның шығысындағы жағдайды реттеуге қатысты Украина, Ресей және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) өкілдері 8-9 маусымда екі күн бойы келіссөздер жүргізген. Украина сыртқы істер министрлігі келіссөздерден соң таратқан мәлімдемесінде "өзара түсіністіктен" өзге ештеңе айтпады. Ресей әзірге келіссөздер нәтижесі жайында мәлімдеме жасаған жоқ.

ЕҚЫҰ атынан келіссөздерге биыл ұйымға төрағалық ететін Швейцарияның дипломаты Хейди Тальявини қатысып жатыр.

Украина президенті Петр Порошенко 8 маусымда келіссөздердің алғашқы күніндегі кездесуден соң "қақтығыстар осы аптада тоқтатылуы тиіс" деп мәлімдеген.

Украинаның шығысындағы бірқатар үкіметтік мекемелерді басып алған сепаратистер мен украин күштері арасындағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. 9 маусымда Славянск қаласында тағы да атыс болғаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG