Accessibility links

Қытай Вьетнаммен дауды БҰҰ қарауына ұсынды


Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі Вьетнаммен арадағы даулы теңіз акваториясына орната бастаған мұнай бұрғылары мен оны қорғап жүрген кемелері. 14 мамыр 2014 жыл.

Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі Вьетнаммен арадағы даулы теңіз акваториясына орната бастаған мұнай бұрғылары мен оны қорғап жүрген кемелері. 14 мамыр 2014 жыл.

Қытай Вьетнаммен арадағы территория туралы дауды БҰҰ-ның қарауына ұсынды. Пекин 9 маусым күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның атына жолдаған нотасында Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы теңіз акваториясына қатысты ұстанымын білдіріп, оны БҰҰ-ға мүше өзге мемлекеттерге де таратуды сұраған.

Қытай 1 мамыр күні Вьетнаммен арадағы даулы Оңтүстік Қытай теңізі акваториясына мұнай бұрғыларын орната бастаған еді. Вьетнам "мұнай бұрғылары біздің территориядағы акваторияға орнатылып жатыр" деп наразылық білдірген.

Қытай нотада Вьетнамды "мұнай бұрғыларын орнатуға кедергі келтіріп отыр" деп айыптайды.

Мамыр айында Вьетнамда Қытайға қарсы акциялар өтіп, оның соңы қытайлық кәсіпорындарға қарсы шабуылдарға ұласты. Қытайлық жұмысшылар мен демонстранттар арасындағы қақтығыстардан екі қытай азаматы қаза тауып, 140-тан аса адам жараланған.
XS
SM
MD
LG