Accessibility links

Ресей НАТО-мен қатарласа әскери жаттығу бастады


Ресей әскерилері әскери жаттығу кезінде. Волгоград облысы, 3 сәуір 2014 жыл.
Ресей әскерилері әскери жаттығу кезінде. Волгоград облысы, 3 сәуір 2014 жыл.
Ресей Калининград облысында Балтық теңізі флоты, әуе-десанты әскері мен әскери-әуе күштерінің жаттығуын бастады. Ресей әскери жаттығуды НАТО-ның Еуропада басталған Saber Strike Baltops-2014 халықаралық әскери жаттығуларымен қатар бастады.

Әскери жаттығу кезінде теңіз флоты күштері шекараны күзету, теңіз коммуникациясын қорғауды қамтамасыз етіп, шартты қарсыластың сүңгуір қайықтары мен кемелерін тауып, "жояды". Әуе десанты күштері теңіз жаяу әскерімен бірге жағалаудағы аймақтарды теңіз десантынан қорғау амалдарын орындайды. Оларға әуеден жойғыш бомбалаушы ұшақтар мен тікұшақтар жәрдемдеседі.

Ресей қорғаныс министрлігі өкілдері Калининград облысындағы жаттығуға тартылған әскери күш пен техниканың саны Еуропада өтіп жатқан НАТО жаттығуына қатысатын әскерилер мен әскери техника санымен тең екенін айтады.
XS
SM
MD
LG