Accessibility links

Реувен Ривлин Израиль президенті болды


Израильдің жаңадан сайланған президенті Реувен Ривлин. Иерусалим, 10 маусым 2014 жыл.
Израильдің жаңадан сайланған президенті Реувен Ривлин. Иерусалим, 10 маусым 2014 жыл.
Израиль парламенті елдің жаңа президенті етіп Реувен Ривлинді сайлады. Ол бұл қызметте отырған қазіргі президент, 90 жастағы Шимон Перестің орнына келді.

10 маусым күні өткен дауыс берудің екінші кезеңінде Реувен Ривлинді 63 депутат қолдаған. Ал оның қарсыласы Меир Шитритті жақтап 53 депутат дауыс берген.

74 жастағы Реувен Ривлиндің мамандығы - заңгер. Ол саясатқа 1980 жылдардың ортасынан бастап араласа бастаған. Ривлин 1988 жылы Израиль парламенті - кнессетке оңшыл "Ликуд" блогынан депутат болып сайланған, Ариэль Шарон алғаш үкіметті басқарғанда (2001-2005 жылдары) министр болған, 2003-2006 жылдары және 2009-2013 жылдары кнессеттің спикері болған.

Ривлин 2007 жылы өткен президент сайлауына түсіп, Шимон Перестен жеңіліп қалған.
XS
SM
MD
LG