Accessibility links

Ирак премьері төтенше жағдай жариялауға шақырды


Содырлар мен үкімет әскерінің қақтығыстарынан бас сауғалап бара жатқан тұрғындар. Ниневия провинциясы, Ирак, 10 маусым 2014 жыл.

Содырлар мен үкімет әскерінің қақтығыстарынан бас сауғалап бара жатқан тұрғындар. Ниневия провинциясы, Ирак, 10 маусым 2014 жыл.

Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики парламентті "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын ұйым мүшелері елдің ең ірі қалаларының бірі Мосулды бақылауына алған соң төтенше жағдай жариялауға шақырды.

Ұйымның қарулы мүшелері 9 маусымда Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласындағы басты нысандарды басып алған. Ондаған содыр Ниневия провинциясының әкімшілігін, полиция бөлімін басып алып, түрмеден тұтқындарды босатқан. Парламент спикері Осама әл-Нуджаифи Мосулға әскер жіберуге шақырды.

Аймақта қақтығыстардың жалғасуы мыңдаған адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Елдің батысындағы Анбар провинциясында "Ирак және Левант ислам мемлекеті" ұйымының содырлары қаңтар айынан бері аймақтағы негізгі қала - Рамадиді және көршілес Фаллуджа қаласын бақылауда ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG