Accessibility links

Әйел зорлауға қарсы Лондон саммиті басталды


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг (солдан оңға қарай), Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және актриса Анджелина Джоли. Лондон, 10 маусым 2014 жыл.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг (солдан оңға қарай), Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және актриса Анджелина Джоли. Лондон, 10 маусым 2014 жыл.

Лондонда актриса әрі БҰҰ елшісі Анджелина Джоли мен Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг әскери жанжалдар мен қақтығыстар аймағында әйелдерді зорлау проблемасына арналған халықаралық саммитті ашты.

Соғыс кезінде әйелдерге зорлық жасауға қарсы төрт күнге созылатын саммит бұл мәселе бойынша өткізіліп отырған ең ірі форум саналады. Хейгтің айтуынша, қақтығыс аймақтарында әйелдерге зорлық жасау - соңғы екі ғасырдағы "ең ауқымды қылмыстардың бірі" болып отыр.

Джоли саммитті өзі және Уильям Хейг екеуі Боснияда кездесу өткізген зорлық құрбандарына арнағысы келетінін мәлімдеді. Саммитке жүзден астам мемлекеттің өкілдері, оның ішінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG