Accessibility links

Қылмыстық кодекс жобасы президентке қол қоюға жіберілді


Парламент мәжілісі. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті мәжілісі 11 маусым күні пленарлық отырысында сенаттың Қылмыстық кодекстің жаңа жобасына енгізілген түзетулерін қабылдады. Кодекс жобасы президентке қол қоюға жіберілді.

Бұған дейін сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеті жаңа жоба бойынша экстремизм мен терроризм қылмыстарына қолданылатын жаза күшейтіліп, радикалдық идеологияның таралуына ықпал ететін іс-әрекеттерді криминализациялау қарастырылғанын хабарлаған еді.

Сенатта кодекс жобасын таныстырған бас прокурордың орынбасары Иоганн Меркель жобада "қылмыс" және "қылмысқа жақын іс-әрекет" деп аталатын екі жүйе бойынша жауапкершілікке тарту енгізілгенін айтқан. Оның сөзінше, "қылмысқа жақын іс-әрекет" жасағаны үшін айыптыны жеңіл қоғамдық жұмысқа тарту сияқты жазаға тарту қарастырылған.

Қазақстандық кейбір құқық қорғаушылар бұдан бұрын қылмыстық кодекстің адам құқықтарына қатысты тұстарының күшейтілгенін хабарлаған еді. Құқық қорғаушы Айна Шорманбаева кодексте қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдардың қызметіне сын айту немесе бақылау жасауын азайту, "жалған ақпарат таратқаны" үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG