Accessibility links

Украина Ресейдің газға қатысты ұсынысын қабылдамады


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина Ресейдің газдың 1 мың текше метрінің бағасын 100 АҚШ долларына арзандату ұсынысын қабылдамай тастады. Украина премьер-министрі Арсений Яценюк бұл жайында бүгін, 11 маусымда үкімет отырысында хабарлады. Оның айтуынша, Киев келісім-шартты өзгертуге бекініп отыр.

Виктор Янукович ақпан айында биліктен кетіріліп, Ресей Қырымды қосып алған соң Мәскеу Украинаға көрсетіп келген жеңілдігін жойып, 1 мың текше метрін 268 АҚШ долларынан сатқан газының бағасын бірден 485 АҚШ долларына қымбаттатып жіберген.

11 маусымда Брюссельде Ресей, Украина және Еуропа Одағының газ мәселесі бойынша үш жақты келіссөздері жалғасты. Келіссөздердің бұған дейінгі кезеңдерінде ешқандай шешім қабылданбаған. Мәскеу Киев өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында тұтынған газы үшін 1 миллиард 454 миллион АҚШ доллары және сәуір-мамыр айларында тұтынған газы үшін тағы 500 миллион АҚШ доллары қарызын төлеуі тиіс дейді.

Украина қарызын арзан бағамен төлегісі келеді.

10 маусымда Ресей Украинаға тұтынатын газы үшін алдын-ала төлем жасау мерзімін 10 маусымнан 16 маусымға шегерген.
XS
SM
MD
LG