Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілі түрмеде Козловпен кездесті


Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі, жеті жарым жылға сотталған Владимир Козлов.

Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі, жеті жарым жылға сотталған Владимир Козлов.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік ассамблеясының (ПАСЕ) демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер комитетінің басшысы Изабель Сантос Алматы маңындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан оппозиционер Владимир Козловпен кездесті.

Мұның алдында Сантос Қазақстан билігінің өкілдерімен кездесіп, Астананың адам құқықтарын қорғау және нақты саяси реформалар жүргізу жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауы тиіс екенін мәлімдеген.

Тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов 2012 жылдың қазан айында "мемлекеттік құрылымды күшпен құлатпақ болды" және 2011 жылдың желтоқсанындағы Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысы бар деген айыптармен жеті жарым жылға сотталған.

Құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдерінің үкіметтері Козловтың өзіне қарсы іс "қазақстандық оппозицияны тұншықтыру мақсатында қозғалды" деген ұйғарымын қуаттаған.
XS
SM
MD
LG