Accessibility links

Байқоңыр тұрғындары жер телімін талап етті


Жер телімін талап етіп Қызылорда әкімдігіне келген Байқоңыр тұрғындарының бірі. Қызылорда, 12 маусым 2014 жыл.
Жер телімін талап етіп Қызылорда әкімдігіне келген Байқоңыр тұрғындарының бірі. Қызылорда, 12 маусым 2014 жыл.
12 маусымда Байқоңыр қаласы мен Төретам ауылынан келген шамамен ондаған адам Қызылорда қалалық әкімдігінің алдына жиналып, жер телімін беруді талап етті.

Тұрғындардың Азаттыққа айтуы бойынша, олар "экологиялық ахуалы нашар Байқоңыр қаласынан емес, тұрмыс-тіршілікке қолайлы Қызылорда қаласының маңынан жер беруді сұрап барған".

Қазір әкімдік өкілдері жиналған тұрғындарды шетінен қабылдай бастаған.
Оларды полиция бақылап тұр.

Байқоңыр қаласын ондағы ғарыш айлағымен бірге Ресей Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған.
XS
SM
MD
LG