Accessibility links

Украина гвардиясы: Фосфор бомбасын қолданған жоқпыз


Славянск қаласы маңында жүрген украин әскері. Украина, 10 маусым 2014 жыл.
Славянск қаласы маңында жүрген украин әскері. Украина, 10 маусым 2014 жыл.
Украина ұлттық гвардиясы кейбір ақпарат құралдарында жарияланған елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы операция барысында фосфорлы оқ-дәрілер қолдануы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Гвардияның баспасөз қызметі мұндай ақпаратты "ақылға қонымсыз" деп атап, "ұлттық гвардияда фосфорлы оқ-дәрілер ешқашан болған емес" деп мәлімдеді.

12 маусымда ресейлік бірқатар ақпарат құралдары ресейшіл сепаратистерге сілтеме жасап, украин әскері Славянск қаласы маңындағы Семеновка селосын атқылағанда тыйым салынған фосфор оқ-дәрілері бар бомбалар қолданды деп хабарлаған еді. Куәгерлер осының салдарынан селода өрт басталғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG