Accessibility links

Тәжікстанда Google-дің кей қызметтері бұғауланды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Тәжікстанда интернет қолданушылары 12 маусымнан бастап Google-дің кейбір қызметтері, оның ішінде Gmail электронды почтасы ашылмай қалғанын айтып шағымданып жатыр.

Тәжікстанның интернет провайдерлері ассоциациясының басшысы Асомуддин Атоев Азаттықтың Тәжік қызметіне Google-ді интернет провайдерлерінің көпшілігі бұғаулап тастаған болуы мүмкін екенін айтты.

Бұдан екі күн бұрын Тәжікстанда бірқатар провайдерлер YouTube видео порталын да бұғаулаған еді.

11 маусымда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Тәжікстан билігін YouTube порталын бұғаудан шығаруға шақырған.

Тәжікстан коммуникация агенттігі басшысының орынбасары Рафикжон Шакиров Азаттыққа 11 маусымда агенттіктің видео порталды бұғаулауға қатысы жоғын айтып, бұғаулану техникалық себептерден болуы мүмкін деген.
XS
SM
MD
LG