Accessibility links

Футболдан әлем чемпионаты басталды


Хорватия-Бразилия матчы. Сан-Паулу, 12 маусым 2014 жыл.

Хорватия-Бразилия матчы. Сан-Паулу, 12 маусым 2014 жыл.

12 маусым күні басталған футболдан әлем чемпионатының матчтары Бразилияның 12 қаласында өтеді.

Бразилия - әлем чемпионатын осымен екінші рет өткізіп отырған әлемдегі бесінші ел. Бұған дейін әлем біріншілігін Мексика, Италия, Франция, Германия екі реттен өткізген еді. Бразилияда әлем чемпионаты алғаш рет 1950 жылы болды.

Биылғы чемпионатқа 32 елдің ұлттық құрамасы қатысып жатыр. Әлем чемпионатының алғашқы матчында Бразилия мен Хорватия кездесіп, 3:1 есебімен бразилиялықтар жеңіске жетті.

ФИФА дерегі бойынша, биылғы әлем біріншілігінің жүлде қоры – 576 миллион АҚШ доллары. Әлем кубогын ұтқан құрама - 35 миллион, финалда ұтылған команда - 25 миллион, үшінші орын алған құрама 22 миллион доллар алады.

2010 жылғы әлем чемпионатының жүлде қоры 420 миллион АҚШ доллары болған.

Әлем чемпионатының финалы шілденің 13-і күні Рио-де Жанейродағы «Маракана» стадионында болады.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG