Accessibility links

Назарбаев Италия премьерімен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 12 маусым күні Бурабайда Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесті" деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Метти кездесуден соң журналистерге "екі елдің геосаяси ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланғанын" айтты.

Ренци "Италиялық "Эни" компаниясының Қазақстанға салған инвестициясы осы ел экономикасының бір бөлігін құрайды. Бұған қоса италиялық "Фиат", "Итальчементи", "Филмеканика" сияқты компаниялармен ынтымақтастық бұдан ары да тереңдей береді деп үміттенеміз" деген.

Назарбаев пен Ренци кездесу соңында "Эни" және "ҚазМұнайГаз" компаниялары арасындағы Исатай мұнай кен орнын геологиялық барлау және кеме жасау зауытының құрылысы жобаларын іске асыру туралы келісімдердің қол қою рәсіміне қатысты.

Назарбаевтың айтуынша, Италия – Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық экономикалық серіктесі. Қазақстанның жалпы сыртқы тауар айналымының 13 пайызы Италия үлесіне тиеді. Қазақстан президенті Назарбаев "Италия инвестициясының Қазақстан экономикасындағы жалпы көлемі - 6 жарым миллиард АҚШ доллары. Сонымен қатар, Италия - Қазақстан мұнайын тұтынатын негізгі елдердің бірі" деді.

Бұған дейін Open Dialog Foundation қоры Италия премьерін Қазақстанға сапарында тек бизнес жайын талқыламай, осы елдегі адам құқықтарының бұзылуы мәселесін көтеруге шақырған.
XS
SM
MD
LG