Accessibility links

Қазақстандағы екі қорық ЮНЕСКО тізіміне енді


Алтай тауының Қазақстанға қарасты тұсы. (Көрнекі сурет)

Алтай тауының Қазақстанға қарасты тұсы. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы Ақжайық және Қатонқарағай қорықтары ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары тізіміне енгізілді.

Бұл Швецияның Йенчепинг қаласындағы Ист Вестерн Скарп қорығында 10-13 маусым аралығында өткен ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесінің жиынында айтылды. Жиында биосфералық қорықтардың дүниежүзілік тізіміне қжаңадан 13 қорық кіргізілген.

Атырау облысындағы Ақжайық қорығы Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауына жапсарлас. Қорыққа құстың ондаған түрі аялдап, көбейеді.

Шығыс Қазақстандағы Алтай тауындағы Қатонқарағай қорығында өсімдіктердің ондаған түрі өседі.
XS
SM
MD
LG