Accessibility links

Аваков: Украина әскері Мариупольді алды


Мариупольде жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 9 маусым 2014 жыл.

Мариупольде жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 9 маусым 2014 жыл.

Украина үкіметі әскері ресейшіл сепаратистер бақылауында болған Мариуполь қаласын қайтарып алғанын хабарлады.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Facebook-тегі парақшасында үкімет әскері 13 маусымда түске таман қалалық әкімдік үстіне украин туын тіккенін жазды. Министрдің айтуынша, ұрыста бес сепаратист қаза тауып, екі украин сарбазы жараланған.

Бұдан бұрынырақ Аваков украин сарбаздары таң ата Мариупольге шабуылдағанын хабарлаған.

Украина президенті Петр Порошенко 12 маусымда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, елдің шығысына Ресей жақтан үш танкі мен бірнеше әскери көліктің кіргеніне наразылық білдірген.
XS
SM
MD
LG