Accessibility links

Украина-Ресей шекарасына қамал салуды ұсынды


Днепропетровск облысының басшысы, олигарх Игорь Коломойский.

Днепропетровск облысының басшысы, олигарх Игорь Коломойский.

Днепропетровск облыстық әкімшілігінің басшысы, олигарх Игорь Коломойский Украина президенті Петр Порошенкоға Донецк, Луганск және Харьков облыстарының Ресеймен шекарасына қамал салуды ұсынды.

Оның президент әкімшілігіне жолдаған ұсынысы бойынша, жарты жылда 1900 километрге созылатын шекараға аса берік темірден биіктігі екі метрлік қамал салуға болады. Бұған қоса қамал үстіне электр тогын жүргізіп, қамал жанынан шұңқыр қазып, миналап тастау ұсынылған. Жоба құны 100 миллион еуроға бағаланып отыр. Оған кететін қаржының біразын Коломойский құрған "Днепр-1" қоры беруге даяр.

Игорь Коломойский бұл ұсынысын Финляндияның СССР-ден қорғану үшін салған "Маннергейм сызығымен" және Израильдің Египетпен шекарасына орнатқан қабырғасымен теңестіреді. Олигархтың айтуынша, Украина да өзін Путин басқарған Ресейден қорғау үшін мұндай қамал салуы тиіс.
XS
SM
MD
LG