Accessibility links

Киев: Ресей елшілігіне шабуылдағандар ұсталды


Ресейдің Киевтегі елшілігі алдындағы акция. 14 маусым, 2014/

Ресейдің Киевтегі елшілігі алдындағы акция. 14 маусым, 2014/

Ресейдің Киевтегі елшілігі алдындағы қарсылық акциясына қатысушылардың ашу-ызасы арандату әрекетіне пайдаланылды, бұл - дипломатиялық қатынастар және дипломатиялық мекемелерді қорғаудың қабылданған нормаларына сәйкес келмейді, деп мәлімдеді Украина сыртқы істер министрлігі.

Хабарларға қарағанда, қазір Ресей елшілігіне шабуылға қатысқан арандатушылардың кейбірі ұсталып, дипломатиялық өкілдікті қалпына келтіру шаралары қарастырылып жатыр.

Сенбі күні Ресейдің Киевтегі елшілігі алдында Мәскеудің Украинаға саясатына қарсы акция болған. Жиналғандар Ресей танкілерінің Украинаға өтуіне наразылық білдіріп, Луганскіде сепаратистер атып түсірген ИЛ-76 ұшағында қаза тапқан 49 адамның өліміне қатысты ашу-ызасын білдірген. Елшілік алдына жиналғандар Ресейдің туын жыртып, дипломаттар мінетін бірнеше көлікті аударып, елшілік ғимаратына бояу және жұмыртқа лақтырған.

АҚШ Ресейдің Киевтегі елшілігіне жасалған осы шабуылды айыптап, Украинаны шетелдік дипломатиялық өкілдерге қатысты халықаралық міндеттерін орындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG