Accessibility links

Сирия армиясы Түркиямен шектес аймақты бақылауға алды


Касаб қаласында жүрген сириялық сарбаздар. Сирия, 15 маусым 2014 жыл.
Касаб қаласында жүрген сириялық сарбаздар. Сирия, 15 маусым 2014 жыл.
Сирияның үкімет әскері елдің Түркиямен шекарасына жақын Латакия провинциясына қарасты Самра мен Касаб қалаларын көтерілісшілерден қайтарып алды.

Сирия әскерилері таратқан мәлімдемеде 15 маусым күні армия сәуір айынан бері көтерілісшілер бақылауында болып келген Самра мен Касаб қалаларын бақылауына алғаны және Касаб маңында әлі ұрыс жүріп жатқаны хабарланған. Бұл аймақтарда негізінен армяндар тұратын. Бірақ олардың көпшілігі көтерілісшілердің шабуылынан кейін аймақты тастап кеткен.

Сирия әскери әуе күштері де "Ирак және Левант ислам мемлекеті" ұйымының содырлары бақылау жасайтын Иракпен шекаралас провинцияны бомбалап жатыр.
XS
SM
MD
LG