Accessibility links

Мәскеуде ұшақта қаза тапқан украин әскерилерін еске алды


Атып түсірілген украиналық Ил-76 әскери ұшағы құлаған жерде жүрген ресейшіл сепаратистер. Луганск, 14 маусым 2014 жыл.
Атып түсірілген украиналық Ил-76 әскери ұшағы құлаған жерде жүрген ресейшіл сепаратистер. Луганск, 14 маусым 2014 жыл.
Мәскеуде Украина елшілігінің алдына 20 шақты ресейлік жиналып, қаза тапқан украин әскерилерін еске алды. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, жиналғандар "Украина жасасын!" деп ұрандатып, Украинаның әнұранын айтқан.

Акцияға қатысқандар елшілік алдына гүл шоқтарын қойды.

Ресей полициясы еске алу акциясына кедергі жасаған жоқ.

14 маусым күні Луганск түбінде ресейшіл сепаратистер Украинаның ИЛ-76 әскери транспорттық ұшағын Луганск әуежайына қонатын кезде атып түсіріп, ұшақта болған 49 адам қаза тапқан еді. Олардың тоғызы экипаж мүшелері, қалғаны әскерилер болатын.

Бұл қазаға байланысты маусымның 15-і Украинада қаралы күн болып жарияланды. Днепропетровск облысында қаза тапқан әскерилерді 27 маусымға дейін аза тұтады.
XS
SM
MD
LG