Accessibility links

АҚШ Ирак жөнінде Иранмен келіссөз жасауы мүмкін


Ирактың Ниневия провинциясын басып алған "Ирак және Левант ислам мемлекеті" ұйымы сарбаздары. Ирак, 11 маусым 2014 жыл.

Ирактың Ниневия провинциясын басып алған "Ирак және Левант ислам мемлекеті" ұйымы сарбаздары. Ирак, 11 маусым 2014 жыл.

АҚШ билігінің жоғары шенді өкілдерінің айтуынша, Вашингтон Ирактың солтүстік және батыс аймақтарын басып алған "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ирак және Левант ислам қозғалысы" ұйымына қарсы күресте Иранмен келіссөзге баруды қарастырып жатыр.

The Wall Street Journal басылымының 15 маусым күні хабарлауынша, Ирактағы жағдайға қатысты Вашингтон мен Иран арасындағы тікелей келіссөздер осы аптада өтуі мүмкін.

Иран бұған дейін егер Бағдат көмек сұрап жатса, "Ирак және Левант ислам мемлекеті" ұйымына қарсы күресте көмек беруге даяр екенін мәлімдеген еді.

Иран президенті Хассан Роухани Иракта қауіпсіздікті қалпына келтіруде "егер АҚШ сүннит экстремистеріне қарсы шара қабылдаса, Тегеран Вашингтонмен бірігіп әрекеттер жасау жайын қарастыруға дайын" деп мәлімдеді.

Иран астанасында өткен баспасөз мәслихатында Роухани «Біз террористік топтарға іс жүзінде де, сөз жүзінде де қарсы тұруымыз керек» деген.

Соңғы күндері «Ирактағы және Левантдағы ислам мемлекеті» деп аталатын радикалды топ жасақтары Ирактың солтүстігінде біршама аумақты басып алған еді. Олар иеленген қалалар ішінде Мосул мен Тикрит те бар. Қазір олар Бағдатқа қарай беттеп келеді.
XS
SM
MD
LG