Accessibility links

Киевтегі газ туралы үшжақты келіссөз


Газ мәселесі бойынша Киевте өткен үшжақты келіссөзде Ресей, Украина және Еурокомиссия өкілдері мәмілеге келе алмады. Дүйсенбіге қараған түні өткен келіссөздерге Еурокомиссияның энергетика жөніндегі өкілі Гюнтер Эттингер, ресейлік «Газпром» компаниясы басқармасының төрағасы Алексей Миллер және Украина премьер-министрі Арсений Яценюк қатысты. Келіссөздер басталғанға дейін Украина жағы егер Ресей Еуропа тарабының ұсынысын қабылдап, газдың мың текше метрінің бағасын 326 долларға дейін арзандатуға келіссе, Киевы Мәскеуге газға қарыз ақшасын төлейтінін мәлімдеген еді. Бірақ Ресей газ бағасын 385 доллардан арзанға бермейтінін айтып отыр. Украина бұндай бағаға көнбей отыр. Көпшілік жұрт келіссөздердің нәтижесіз аяқталуын сенбі күні Киевтегі Ресей елшілігіне жасалған шабуылмен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG