Accessibility links

АҚШ Ирактағы қырғынды айыптады


Жихадшылар сайтында 14 маусым күні жарияланған сурет сипаттамасында «Ирак және Левант ислам мемлекеті» атты қарулы топ мүшелерінің қолға түскен Ирак қауіпсіздік қызметінің ондаған өкілін жазалаған сәті деп көрсетілген.
Жихадшылар сайтында 14 маусым күні жарияланған сурет сипаттамасында «Ирак және Левант ислам мемлекеті» атты қарулы топ мүшелерінің қолға түскен Ирак қауіпсіздік қызметінің ондаған өкілін жазалаған сәті деп көрсетілген.
АҚШ мемлекеттік департаменті "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын радикалды топ жасақтарының Иракта шиттерден тұратын үкімет сарбаздарын аяусыздықпен қырғаны туралы хабарды қатаң айыптады.

Мемлекеттік департамент өкілі Джен Псаки "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобының Тикрит қаласында "әскери-әуе күштерінің қатарына жаңадан алынған ирактық 1700 шиит сарбазын қырып тастағаны туралы мәлімдемесі жантүршігерлік" деп атады.

Оның айтуынша, үкімет сарбаздарын қырып тастау "террористердің қанішер" екенін дәлелдейді. АҚШ мемлекеттік департаменті бұған қоса АҚШ үкіметі әзірге бұл хабардың анық-қанығын біле алмай отырғанын айтады, бірақ террористердің басты мақсаттарының бірі - ирак халқын үрейлендіріп, діни алауыздықты пайдаланып қалу дейді.

"АҚШ бұл террористік актіні қатаң айыптап, бұл жантүршігерлік және мағынасыз шабуылға қарсы ирақтықтарды қолдайды. Жантүршігерлік істер жасайтын террористер АҚШ, Ирак және халықаралық қауымдастықтың ортақ жауы саналады" деді Джен Псаки.

Соңғы күндері "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ирак және Левант ислам мемлекеті" радиклады ұйымының содырлары Ирактың солтүстігіндегі біраз аймақты, оның ішінде Мосул мен Тикрит қалаларын басып алған.
XS
SM
MD
LG