Accessibility links

Каспий жағалауында су деңгейі көтерілді


Каспий теңізінің жағалауы. (Көрнекі сурет).

Каспий теңізінің жағалауы. (Көрнекі сурет).

Каспий теңізінің Атырау облысындағы жағалауында су деңгейі бір метрге дейін көтеріліп, облыстық төтенше жағдайлар департаменті жоғары дайындық күйіне келтірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жағалаудан 5-10 километр қашықтықтағы аймақтарды желдің әсерінен көтерілген су басуы мүмкін. Осыған байланысты азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтеріне, шекара қызметінің әскери бөлімдеріне, қорғаныс министрлігінің "Батыс" аймақтық қолбасшылығына, су басуы мүмкін аймақтардағы мекемелер мен ұйымдарға және тұрғындарға қауіп жайлы хабар жеткізілген.

Төтенше жағдай туа қалған жағдайда эвакуация жасау жолдары белгіленген.
XS
SM
MD
LG