Accessibility links

Қазақстан мен Қашағанды игеруші компаниялар келісім жасасты


Қашаған кенішіндегі инфрақұрылым. (Көрнекі сурет)
Қашаған кенішіндегі инфрақұрылым. (Көрнекі сурет)
Қашаған мұнай кенішін игеру жобасына қатысып жатқан компаниялар Қазақстан үкіметімен кенішті игеру жобасын жасау және оны іске асыру кезеңдері туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Жоба операторы, North Caspian Operating Company компаниясының хабарлауынша, тараптар бұдан өзге Қазақстанның жобаны қаржыландыруы және өндірістік мүмкіндіктер туралы да келісімге қол қойған. Үкімет пен компаниялар арасында меморандум бойынша талқылау мен ынтықмақтастық таяу айларда жалғаса бермек.

2013 жылы қыркүйектен бастап мұнай өндіріле бастаған Қашағанда екі рет төтенше оқиға болған еді. Теңіздегі жасанды аралдан "Болашақ" зауытына баратын құбырдан былтыр қыркүйек пен қазанда газдың сыртқа шығып жатқаны анықталып, мұнай өндіру тоқтатылған. Қазір Қашағанда мұнай өндіру доғарылып, кеніште тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қашаған жобасында қазақстандық "Қазмұнайгаз", италиялық Agip, америкалық ExxonMobil, ағылшын-голландиялық Shell, француздың Total (әрқайсысының үлесі - 16,81 пайыз), жапониялық U.S. Inpex North Caspian Sea (7,56 пайыз), қытайлық China National Petroleum Corporations (8,4 пайыз) компанияларының үлесі бар.
XS
SM
MD
LG