Accessibility links

Путин саяси партияларға бақылауды күшейтуді ұсынды


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 11 маусым 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 11 маусым 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік думаға партияларды қаржыландыру талаптарын күшейту туралы заң жобасын енгізді. Путин партияларға әсіресе сайлаулар арасында қаржыландыру талаптарын күшейтуді ұсынады.

Қолданыстағы заңдар бойынша, партия әкімшілік я қылмыстық жауапкершілікке сайлау кампаниясы барысында қаржылық заң бұзушылық жасағаны үшін ғана тартылатын.

Путин ұсынған түзетулер қабылданса, партиялар сайлауға қатыспаса да, сайлаудан тыс кездегі қаржылық қызметтері үшін де жауап беретін болады. Жаңа түзетулер партиялардың қаржы аударуда делдал қызметін пайдалануына тыйым салады. Мұны орындамаған жағдайда айыппұл салу қарастырылған.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, түзетулер биліктегі партияға да қатысты болғанымен, ол көбінесе оппозициялық партияларға әсер етуі мүмкін. Сарапшылар партияның делдалдар арқылы қаржыландырылуына тыйым салу оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Мәскеу мэріне сайлау кампаниясы кезінде мұндай әдісті пайдалануынан шығып отыр деп санайды.

Думаға жолданған жобада оның Ресейдің коррупциямен күресуші елдер тобына мүше болып кіруде алған міндеттемесін орындау үшін дайындалғаны айтылады.
XS
SM
MD
LG