Accessibility links

Кенияда шабуылдан 48 адам қаза тапты


Исламшыл "Әл-Шаабаб" радикалдық тобының мүшелері, Сомали. (Көрнекі сурет)
Исламшыл "Әл-Шаабаб" радикалдық тобының мүшелері, Сомали. (Көрнекі сурет)
Кенияда Мпекетони қаласында қарулы топ шабуылынан 48 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Қаза тапқандар саны бұдан да артуы мүмкін.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылды жиырмаға жуық адам жасаған. Содырлар теңіз жағалауында орналасқан қалада полицияны, банк пен екі қонақүйді нысанаға алған. Шабуылды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Бұған дейін Кениядағы мұндай терактілерді көршілес Сомалидегі "Әл-Шабаб" деп аталатын исламшыл радикалды тобы жасап келген еді. Исламшылар әдетте туристік орындарды нысанаға алатын.

"Әл-Шабаб" тобы Кения территориясында үкімет әскерінің Сомалидің оңтүстігіндегі исламшыларға қарсы операцияларға қатысып жатқанына байланысты терактілер ұйымдастыратынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG