Accessibility links

Ақтөбеде тазы көрмесі өтті


Тазылар көрмесі. Ақтөбе, 15 маусым 2014 жыл.
Тазылар көрмесі. Ақтөбе, 15 маусым 2014 жыл.

Ақтөбеде қазақы тазылардың алғашқы облыстық көрмесі өтті. Көрмеге қатысқан 20 тазының басым бөлігін бірінші рет кәсіби сарапшылар бағалады.

Маусымның 15-і күні өткен қазақы тазы өсірушілердің көрмесіне Сылдыр атты итін әкелген Мақсұт Айтжанов – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Иесі 3 жасар қаншықтың осыған дейін бірнеше көрмеге қатысқанын айтады. Сылдырдың текті ит екенін айғақтайтын құжаты, құлағында таңбасы бар. Мұндай таңба қазақы тазы өсірушілердің Ақтөбедегі көрмесіне қатысушы басқа жиырма шақты иттің бір де біреуінде болған жоқ.

Қазақы тазы өсірушілердің бірі Ерлан Теміровтің құлағына көрменің хабары кеш тиіпті. Сондықтан Ембі қаласындағы тазыларын Ақтөбеге әкеліп үлгере алмаған. Өзінің айтуынша, Ерлан – «қаны таза» 11 қазақы тазының иесі. Бірақ бір де бір итінің құжаты жоқ.

Тазылар көрмесі. Ақтөбе, 15 маусым 2014 жыл.
Тазылар көрмесі. Ақтөбе, 15 маусым 2014 жыл.
«Осы кезге дейін тазыларыма ауыл ақсақалдарынан өзге ешкім сарапшы болған емес. Шалдар бірден тазының тірсегі мен құйрығына қарайды. Күшік кезінде тірсегін қайырғанда жамбасынан асып тұрса, ол – нағыз қазақы тазы. Күшіктің құйрығы тірсегінен екі елі түсіп тұруы керек» деп санайды Ерлан Теміров.

«Қасқыр мен қабан алып жүрген» тазыларына Ерлан көрмеге қатысушы иттердің бірде біреуін тең көрмей тұрды. Азаттық тілшісі сөзге тартқан тазы өсірушілердің қай қайсы да өз итін «ең жақсы ит» деп санайды екен. Бірақ бұлардың бәрі үшін мұндай көрме – тазыларын кәсіпқой сарапшыларға сынатып, құжат алатын бірден-бір мүмкіндік.
Оқи отырыңыз: Кинолог Ақтөбенің тазыларына құжат әпермек

Көрмеге Қазақстанның батыс аймағының түкпір-түкпірінен әкелінген тазылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінді. Республикалық дәрежедегі сарапшы
Тазылар көрмесі. Ақтөбе, 15 маусым 2014 жыл.
Тазылар көрмесі. Ақтөбе, 15 маусым 2014 жыл.
Алексей Лепегов ортаңғы топтың ең үздігі деп таныған Жебе 9 айлық екен. Жебе тағы бір көрмеге қатысып, сарапшылардың сынынан сүрінбей өтсе, Қазақстан кинологтары одағының тіркеуіне алынады.

Республикалық дәрежедегі сарапшы Алексей Лепегов көрмеге қатысушы қазақы тазыларды шеңбердің, түзу сызықтың бойымен жүгіртіп көрді. Тісін, тырнағы, құйрығы мен бастарының формасын сипаттап, суретке түсірді.

«Ақтөбеде тектілігіне кісі күмән келтіре алмас қазақы тазының күшіктері көп екен. Мені осы жайт қатты таң қалдырды. Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларымен салыстырғанда Ақтөбедегі қазақы тазылардың жалпы ахуалы көңілімнен шықты. Демек, перспектива бар» дейді Алексей Лепегов.

Биыл жыл басында Ақтөбеде құрылған қазақы тазы өсірушілердің қоғамдық бірлестігі тап осындай көрмені күзге салым тағы бір мәрте өткізуді жоспарлап
Тазылар көрмесі. Ақтөбе, 15 маусым 2014 жыл.
Тазылар көрмесі. Ақтөбе, 15 маусым 2014 жыл.
отыр. Бірлестік жетекшісі Талғат Ермағамбетов барлық жұмыстың энтузиастардың күшімен атқарылып жатқанын айтады.

«Алдағы 2-3 жылда қазақы тазылардың санын көбейтіп, тұқымын асылдандыруды жоспарлап отырмыз. Түпкі мақсат – бүкіләлемдік кинологтар одағына мүше болу. Ол үшін ел аумағында сарапшылар мойындап, құжат берген кемінде мың қазақы тазымыз болуы керек. Жайбасарлыққа салынсақ, ертеңгі күні ұлт құндылығын өзге елдердің меншіктеп алуы да ғажап емес» дейді ол.

Былтыр желтоқсанда тіркелген Ақтөбедегі алғашқы қазақы тазы өсірушілер клубының әзірге он шақты мүшесі бар. Ақтөбелік ит өсірушілердің олардан бөлек тағы екі кинологиялық клубы бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Тазылар көрмесі​
XS
SM
MD
LG