Accessibility links

Шыңжаңда 13 адамға өлім жазасы орындалды


Үрімжіде болған жарылыстардың бірі. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай. 22 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Үрімжіде болған жарылыстардың бірі. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай. 22 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

16 маусым күні Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында терроризм және зорлық-зомбылық жасау айыптары тағылған 13 адамға бұйырылған өлім жазасы орындалды. Үкіметтік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, он үш адамның жеті қылмысқа қатысы бар делінеді.

2013 жылы күзде Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында жеңіл көліктің жарылуына қатысты жеті адамның үстінен қозғалған істі қарау Үрімжіде бүгін аяқтады. Ол жарылыстан бес адам қаза тауып, ондаған адам жараланғаны хабарланған еді. Билік бұл қылмысты Шыңжаңдағы ұйғыр сепаратистеріне артқан.

15 маусым күні пышақпен қаруланған үш адам Қотандағы ойын орталығына шабуыл жасады. Полиция олардың екеуін атып өлтіріп, біреуін қолға түсірген. Олардың шабуылды не мақсатпен жасағаны әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG