Accessibility links

ҰҚШҰ НАТО-мен байланысын шектемек


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Николай Бордюжа.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Николай Бордюжа.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Николай Бордюжаның мәлімдеуінше, ұйым НАТО-мен "диалогты күшейту" әрекеттерін тоқтатып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) байланыс орнатуға көңіл бөледі.

16 маусым күні Мәскеуде Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен және ҰҚШҰ-ның Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясындағы өкілдерімен кездескен Бордюжаның сөзінше, ҰҚШҰ-ға мүше елдер - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы істер министрлері НАТО-мен байланысты тоқтатуды ұсынған. "Министрлер Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ), Қытаймен, Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастықты нығайтудың пайдалы екенін айтты" дейді Бордюжа.

ҰҚШҰ бас хатшысы "кейбір мемлекеттердің өзге елдердің ішкі ісіне араласуының салдарынан әлем ашық қақтығысқа ұрынуға шақ тұр" деді.
XS
SM
MD
LG