Accessibility links

Ақ үй: Ирак мәселесінде Иранмен ынтымақтаспаймыз


АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.

АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.

Ақ үй АҚШ пен Иран арасында әскери ынтымақтастық орнату мүмкіндігін үзілді-кесілді жоққа шығарды. АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест бұл жайында мемлекеттік хатшы Джон Керридің "Вашингтон Иранмен ынтымақтастық орнатуы мүмкін" деген сөзінен кейін мәлімдеді. "Иран билігімен әскери салада ынтымақтастық орнату жайында диалог болмайды. Біз Иранмен әскери байланысты үйлестіруге мүдделі емеспіз" деді Эрнест.

Керридің сөзінен кейін Пентагон да Тегеранмен әскери салада ынтымақтасу ниеті де, жоспары да жоғын мәлімдеген.

Иран "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын сүнниттік радикалды топқа қарсы Ирак әскерімен бірге соғысып жатқан шииттік топтарды қолдайды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, Вашингтон Иран мен Ирак әскерилері арасында ынтымақтастық орнағанын жөн санайды.
XS
SM
MD
LG