Accessibility links

Обама конгреске Иракқа 275 сарбаз жіберетінін ескертті


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 13 маусым 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 13 маусым 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Иракқа 275 америкалық сарбаз жіберу ниеті туралы дүйсенбі күні конгресті хабардар етті.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұл әскерилер Иракта орналасқан америкалық дипломатиялық тұлғалар мен басқа да мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Әскерилер бұған қоса қажет болған жағдайда әскери іс-қимылдарға да араласады.

Associated Press агенттігінің дерегінше, Иракта қазірдің өзінде 160 америкалық сарбаз бар.

Агенттік 16 маусым күні аты-жөнін атамаған америкалық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ Иракқа аз ғана арнайы жасақ сарбаздарын жіберуді қарастырып жатқанын, олардың мақсаты Ирак үкіметі әскеріне "Ирак және Левант ислам мемлекеті" радикалды тобының жасақтарына қарсы соғыста көмектесу екенін хабарлаған.

"Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобы соңғы апталарда Ирактың батысы мен солтүстігінде бірнеше қаланы басып алып, бақылау орнатқан.
XS
SM
MD
LG