Accessibility links

Ирактағы босқындар лагері


Ирактағы босқындар лагері
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00
Жүктеп алу

Ирактың солтүстігінде «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» (ИЛИМ) қарулы тобы басып алған Мосул қаласы мен оның маңындағы елдімекендерден жүздеген мың тұрғын үй-жай, дүние-мүлкін тастап қашуға мәжбүр болды. БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі басқармасы оларға уақытша лагерьлер ұйымдастырды. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі уәкілі ИЛИМ тобы соңғы аптада Иракта ондаған адамды жазалап өлтірген деген күдікке ілінгенін айтты. АҚШ үкіметі Иракқа 275 сарбаз жіберу ниеті барын, бірақ Ирак мәселесінде Иранмен әскери салада ынтымақтаспайтынын мәлімдеді. Иран ИЛИМ сүнниттік радикалды тобына қарсы Ирак әскерімен бірге соғысып жатқан шииттік топтарды қолдайды.

XS
SM
MD
LG