Accessibility links

Аваков: Мариупольде сепаратистер жетекшісі ұсталды


Мариупольдегі украин әскері.

Мариупольдегі украин әскері.

Украинаның Мариуполь қаласында өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" жетекшісі Наталья Грузденко ұсталды деп хабарлады Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков.

"Баба Наташа" деген лақап аты бар 46 жастағы Грузденко мен "Донецк халық республикасының" белсендісі Александр Шахаев өздерін ұстау кезінде қарулы қарсылық көрсеткен. "Олар милиция қызметкерлеріне граната лақтыруға ұмтылды" деп жазады Аваков Facebook-тегі парақшасында.

Өткен аптада украин әскерилері Мариупольде ресейшіл сепаратистер басып алған мемлекеттік мекемені қайтарып, үстіне Украина туын тіккен.
XS
SM
MD
LG