Accessibility links

Луганскіде жараланған ресей журналисі қаза тапты


Ресейлік ВГТРК телеарнасының журналисі Игорь Корнелюк. Луганск облысы, Украина, 3 маусым 2014 жыл.

Ресейлік ВГТРК телеарнасының журналисі Игорь Корнелюк. Луганск облысы, Украина, 3 маусым 2014 жыл.

Ресейлік ВГТРК телеарнасының журналисі, Украинаның Луганск қаласы түбінде жараланған Игорь Корнелюк ауруханада қайтыс болды. Журналист түсіру тобымен бірге украин әскері мен ресейшіл сепаратистар арасында ұрыс жүріп жатқан Луганскінің солтүстігіндегі Металлист селосында жүргенде оққа ұшқан.

"Көтерілісшілердің" өкілдері ВГТРК-нің оқ тиген тағы бір журналисі Антон Волошиннің де қаза тапқанын хабарлады. Бірақ мұны әзірге басқа ақпарат көздері растаған жоқ.

Луганскінің солтүстігінде бірнеше күннен бері украин әскері мен "Оңтүстік-шығыс армиясы" деп аталатын сепаратистік жасақтар арасында ұрыс жүріп жатыр. Ұрыста миномет пен артиллерияны да пайдаланған. Қаза тапқандар мен жаралылардың саны туралы нақты ақпарат жоқ.

Украина парламенті - Жоғарғы Рада 18 маусым күні президент Петр Порошенкоға Донецк мен Луганск облыстарында әскери жағдай жариялау туралы ұсынысы бар қаулы жобасын талқылайды.

17 маусым күні Порошенко украин армиясы Ресеймен шекарасын бақылауға алған соң сепаратистерге қаруларын тастау үшін немесе Украина территориясынан кетіп қалу үшін аз уақытқа ұрыс тоқтайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG