Accessibility links

Украина газ құбыры жарылысын тексеріп жатыр


Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков.

Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков 17 маусым күні Полтава облысы аумағынан өтетін Уренгой-Поморы-Ужгород газ құбырындағы жарылыс теракт болуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, құзырлы орындар жарылысқа себеп болуы мүмкін бірнеше болжамды тексеріп жатыр. Аваковтың сөзінше, жергілікті тұрғындар құбырда жарылыс болар алдында екі рет баяу жарылыс дыбыстарын естігендерін айтады.

Полтава облысы елдің шығысындағы Днепропетровск және Харьков облыстарымен шектеседі, ресейшіл сепаратистермен шайқас жүріп жатқан Донецк және Луганск облыстарына жақын орналасқан. Құбыр арқылы Ресейден Словакия, Венгрия және Румынияға жылына 29 миллиард текше метр газ тасымалданып, одан ары Батыс Еуропаға қарай жөнелтіледі.

Ресейлік "Газпром" компаниясы мен украиналық оператор "Укртрансгаз" компаниясы құбырдағы жарылыс Еуропаға газ тасымалдауға еш әсер етпейді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG