Accessibility links

Нигерияда жанкешті жарылыс жасады


Нигерия картасындағы қызыл шеңбер ішінде Даматуру қаласы орналасқан тұс көрсетілген.

Нигерия картасындағы қызыл шеңбер ішінде Даматуру қаласы орналасқан тұс көрсетілген.

Нигерияның Даматуру қаласында 17 маусым күні жанкешті жасаған жарылыс салдарынан бірнеше адам қаза тауып, тағы бірнеше кісі жараланған. Жарылыс футболдан әлем чемпионатында Бразилия мен Мексика командалары арасындағы ойынды тікелей телеэфирден көруге арналған қаладағы орталықта болды. Жарылғыш құрылғы мотороллер таксиге орнатылған деп хабарланды.

Жарылыстан қаза тапқандардың нақты саны белгісіз. Бірақ Associated Press агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап, 15 адамның ауыр халде ауруханада жатқанын хабарлады. Дәрігерлердің бірі кемінде сегіз адамның жансыз денесін көргенін айтқан.

Ал BBC-ге ақпарат берген дәрігер ауруханаға түскен жаралылардың көптігі сонша, оларды санау қиын болып тұрғанын айтқан.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жарылыс орнында құтқару жұмыстары қосымша тағы жарылыстар болуы мүмкін деген қауіппен аса сақтықпен жүргізіліп жатыр.

Әзірге бұл жарылысқа жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ жергілікті билік оған "Боко харам" исламшыл тобын айыптайды. ойын-сауықты, оның ішінде футболды "мұсылмандарға жат" деп санайды.
XS
SM
MD
LG