Accessibility links

Порошенко шекараны қорғауға ЕО мен АҚШ-тан көмек сұрады


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 16 маусым 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 16 маусым 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко елдің Ресеймен шекарасына бақылауды күшейтуге Еуропа Одағы мен АҚШ-тан көмек сұрады.

Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Порошенко бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлескенде өтініш айтқан.

Порошенконың елдің шығысында қақтығыстарды реттеу туралы бейбіт жоспарында шекарада 10 километрге созылатын буферлік аймақ құрып, заңсыз қарулы топтарға қарсы тұру, заңсыз басып алынған әкімшілік ғимараттарын босату, жергілікті билік органдары жұмысын қалпына келтіру, орталық телеарналар мен радиостанциялар жұмысын қайта жандандыру бар.

Украина президенті бұған қоса Ангела Меркельге билікті орталықсыздандыру, жергілікті билік орындары мен парламентке мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажетін айтқан.

Германия канцлері Ангела Меркель Украина президенті Петр Порошенконың бейбіт жоспарына қолдау білдірген.
XS
SM
MD
LG