Accessibility links

Қытай "Газпромға" 25 миллиард доллар алдын-ала төлейді

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), "Газпром" басшысы Алексей Миллер (ортада) және CNPC компаниясы жетекшісі Чхоу Цзипин Қытайға Ресей газын тасымалдау туралы келісімге қол қойғаннан кейін. Шанхай, 21 мамыр 2014 жыл.

Ресейдің "Газпром" компаниясы Қытайдың China National Petroleum Corporation (CNPC) ұлттық мұнай-газ компаниясынан 25 миллиард АҚШ доллары көлемінде алдын-ала төлем ақшасын алатын болды.

"Газпром" басқарма төрағасының орынбасары Александр Медведевтің айтуынша, бұл ақша жобалық құны 55 миллиард АҚШ долларына бағаланып отырған "Сібір күші" газ құбырын қаржыландыруға жұмсалады.

Бұған дейін Ресей мен Қытай арасында Қытайға 30 жыл бойы жылына 38 миллиард текше метр газ жөнелту туралы келісім жасалған еді. Газ Шығыс Сібірден Қытайға "Сібір күші" құбыры арқылы тасымалданады. "Газпром" басшысының айтуынша, ресей газының мың текше метрі 350 АҚШ долларынан қымбат бағаға сатылады.

Ресей газын Қытайға тасымалдау төрт-бес жылдан соң басталмақ. Әзірге Ресей Ковыктинское және Чаяндинское кен орындарын өңдеуге, құбыр салу және газ химиясын құруға көп қаржы құюы тиіс.
XS
SM
MD
LG